Тақырып. Дін әлеуметтануы

Лекцияның мақсаты:Дін, ұлт және ұлтаралық қатынсатардағы мемлекеттік саясаты және оның әлеуметтік мәселелерін түсіндіру

Негізгі ұғымдар: Діни сана, діннің генезисі, шіркеу, аңыз, діни дүниетаным

Дәріс жоспары:

1.Дін әлеуметтік құбылыс ретінде.

2.Діннің генезисі, орны және қоғамдағы ролі.

3.Діннің тарихи және әлеуметтік түбірлері.

4.Діни сана және діни әлеуметтану.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Дін социологиясының ғылыми пән тұрғысында ХІХ ғасырдың ортасынан бастау алады. О.Конттың пайымдауынша дін адам қоғамы пайда болуынан-ақ оның құрамдас бөлімінде айналған.

Діннің пайда болу себептері.Ежелден келе жатқан мәдениеттің бірі – дін. Дін - қоғамдық сананың ертеден пайда болған формасы. Дін айналадағы шындықпен қатар одан да жоғары тұратын шындық - бір тылсым күштер бар деп есептейді.

Діннің мәні - қоғамдық болмыстың, адам өмірінің, суреттеп айтәанда, “төрт бұрышы түгел болмауына байланысты”, өйткені тірі адамды мысалға алсақ, оның жас кезінде арман-тілегі көп болғанымен, бірақ оны орындауға тәжірибесі аз болады, ересек кезінде жоспарлары көп жасалынғанымен, бірақ олардың орындалуы көңіл толтырмайды, ал кәрі кезінде - өмір көрген тІстей сияқты ғана болса керек.

Адамзаттың барлық болмысын жетілдіре алатын ондай абсалют бұл дүниеде болуы мүмкін емес. Ол бұл дүниеден тысқары және жоғары тұратын тек құдай ғана болуы мүмкін. “құдай” ұғымы барлық діндердің, соның ішінде әлемдік діндер – Будда дінінің, христиан дінінің және Ислам дінінң ең басты ұғымы болып табылады.

Дін тарихи құбылыс. Адамзат тарихында дін болмаған дәуірлерде болған. Ол туралы мәліметтер жеткілікті.

Діннің пайда болуы мен қалыптасуының өз себептері, өз жолдары болған. Олардың ең біріншісі дін адамдардың көңіл-күйлеріне байланысты шыққандығы

Діннің пайда болуы мен қалыптасуының екінші жолы – адамдардың қоршаған табиғаттың - күннің күркіреуі, найзағайдың жарқылы, судың тасуы, жердің сілкінуі, өрт, жұт сияқты дүлей күштердің алдындағы дәрменсіздігі болып табылады.

Діннің пайда болуы мен кең таралуының үшінші себебі - адамдардың бұрынғы тапсыз қауымдастықтың өміріндегі қарапайым айырмашылықтардың әарама-әарсы таптардан саяси салалары бар айырмашылықтарға айналады.

Сонымен, діннің пайда болуымен таралуы кездейсоәтық емес. Олар адамзат тарихының дамуындағы заңды құбылыстар болып табылады. Ол заңдылықтар қоғамның ілгерлеп, кемелдену барысындағы үлкен-үлкен қажеттіліктерден туып отырған.

Діннің анықтамасы және түрлері.Әртүрлі елдерде және әртүрлі мәдениетте діннің әртүрлі анықтамасы бар. Көптеген батыс елдеріндегі адамдар дінді христиандыәпен, ал сенімді - құдыретті күшті мойындаумен теңейді, тірі және өлгеннен кейінде бізді моральдық нормаларға сәйкес болуға мәжбүр етеді.

Американ социологы Р.Л.Джонструн дін дегеніміз – діни сенім мен ритуалдың жүйесі, оның көмегімен адамдар тобы табиғи және құдыретті күш дегендерді түсіндіреді және оның әсерін көрсетеді деп анықтама берген.

Дін тарихы.Әлемдік тарихта күшті әсері бар: Буддизм, христиан және ислам.

Буддизм - өте ертеде, бұдан 25 мың жыл бұрын пайда болған. Будда ілімінің мазмұны – имандылық саласындағы адамдық қалып және тәртіп қазіргі уақытта буддизм ‡нді, қытай жарты аралдарында маңызды қоғамдық саяси және мәдени рөл атқаруда.

Загрузка...

Христиан діні буддизм дінінен бес ғасырдан кейінен келген әлемдік діннің бірі, қазір ол ең көп тараған дін. Негізгі басшылыққа алатын заңы - қасиетті кітап (библия). Еуропа мен Америкада оған сенушілер 1024 миллион адамнан асады.

Ислам кейіннен пайда болған әлемдік дін. Бүгінгі әлемде 1,5 миллиардтан астам адам сенеді. Осыдан 1300 жылдан астам бұрын Мұхаммед құрған ісләм дінінің бұлжытпай орындауға тиісті заңы - әасиетті кітап болып есептелетін құранда сол діннің ерекшелігі анық көрсетілген.

Діни ұйымдар.Дін құрылымының негізі элементі – діни ұйымдар. Діни ұйымдарға алдымен шіркеулер, мешіттер, храмдар, синагогалар жатады. Сонымен қатар діни секталар, діни оқу мекемелері, діни мүліктер, діни қозғалыстар т.с. жатады. Шіркеулер, мешіттер діндердің біршама дербестігі бар институттар, мекемелер. Шіркеулер мен мешіттер белгілі-бір дінді ұсынатын адамдардың мәнәжаттарын ұйымдастыруға көмектеседі, оларға жағдай жасайды, оларды күнделікті күйбең тіршіліктен біраз уақыт болса да босатып, көңілдерін құдайға бағыттауға жол ашады.

Діннің қызметі.Діннің адам өміріндегі қоғам өміріндегі атқаратын қызметтері сан алуан, көп қырлы және көп бағытты болып табылады. Діннің қызметтері негізінен алты салаға, алты бағытқа бөлінеді. Діннің қызметтерінің бірінші бағыты – дүниеге көзқарастық қызмет. Діннің қызметтерінің екінші бағыты (функциясы) бағалаушылық қызметтер болып табылады. Діннің қызметтерінің үшінші бағыты реттеушілік қызметтері. Діни сана, қоғамның құқытық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің қатынастарын, адамдардың қауымдастықтарға қатынастарын, адамдардың құдайға қатынастарын, яғни, адамдардың туғаннан бастап өлгенге дейінгі барлық қарым-қатынастарын реттеп отырады. Діннің қызметтерінің төртінші бағыты - өтемпаздық қызметтері болып табылады. Тағы бір бағыты топтастыру қызметтерінен тұрады.

Дәріс мына мәселелерден тұрады. Дін мәселесі туралы әлеуметтік теорияның уәкілдерінің көзқарастары: К. Маркс, М. Вебер, Э. Дюркгейм.

Ответить

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы можете использовать HTML- теги и атрибуты:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>

− 4 = 3