II модуль 1 страница

ТӘРБИЕ ТЕОРИЯСЫ

Тәрбиепедагогикалық үрдістің жетекші компоненті

аға оқытушы А. Д. Рысқұлбекова

№1 слайд

Мақсаты: тәрбие — қоғамдық құбылыс, тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмұны, жалпы заңдылықтары мен қағидалары, жеке тұлғаны әлеуметтендіру, рухани дамыту мен тәрбие үрдісінің әдіснамалық негіздерін ұғыну.

Міндеттері:

1. Тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмұны.

2. Тәрбие қоғамдық құбылыс әрі тәрбие үрдісі ретінде.

3. Тәрбиенің жалпы заңдылықтары мен қағидалары.

4. Тәрбие үрдісінің құрамдас бөлімдеріне сипаттама.

5. Тәрбие үрдісінің әдіснамалық негізі.

Жоспар:

1. Тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмұны.

2. Тәрбие — қоғамдық құбылы, әрі тәрбиелік үрдіс ретінде.

3. Тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтары мен негізгі қағидалары.

4. Тәрбие үрдісінің құрамдас бөлімдері.

5. Тәрбие үрдісінің әдіснамалық негізі.

Негізгі ұғымдар:мақсат,дүниетаным, жеке адам,қоғамдық мәдениет, жеке тұлғаны әлеуметтендіру, жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлға, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіншілігі.

Көрнекіліктер:№1 № 9 слайдтар.

Оқыту технологиясы:проблемалық оқыту, белсенді әдістер.

Пәнаралық байланыс:философия, әлеуметтану, әлеуметтік психология, мәдениеттану, педагогика тарихы.

Тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмұны

Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру үрдісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырылады. Өйткені мемлекет қажеттілігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді. Олай болса, тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.

Жалпыадамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбиенің мақсаты — әрбір жеке тұлғаны жан-жақты етіп тәрбиелеу.

Мақсат дегеніміз адамның саналы әрекетінің, мінез-құлық, тәртіп нормаларының бір бөлігі. Өз әрекетін, оны жүзеге асырудың амал-айласын, әдіс-тәсіл, құралдарын, жолын алдын ала болжау. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты деп жастарды өмірге әзірлеу барысында жүргізілетін алдын ала ойластырылған (болжанған) тәрбие жұмыстарының нәтижесінде олардың жеке басының дамуын қамтамасыз ету.

Ал тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең басты мақсаты болуы тиіс. Осыған орай балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.

№2 слайд

Тәрбиенің мақсаты педагогикалық процесс пен қоғамның жетекшілігіне қарай өзгеріп отырады. Яғни қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылы-ғынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындаудан бастайды.

Қазақстан Республикасында халыққа білім мен тәрбие берудің негізгі мақсаты Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ету, оны бүкіл дүние жүзі мойындап, онымен тең қарым-қатынас жасау, Қазақстандық патриотизмді, өз Отанын сүйе білуді үйрету, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтық іргетас қалаудың нәтижесінде, экономикалық бостандыққа қол жеткізу. Сонымен қатар осылардың барлығын іс жүзінде жүзеге асыратын жан-жақты дамыған, білімді, қолынан іс келетін жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Загрузка...

№3 слайд

Тәрбиенің негізгі құрастырушы мазмұны балаға өзін-өзі тану, құру, өзін-өзі бекіту және жеке тұлғалық қасиеттерін өздігінен жүзеге асыру жұмыстарын мақсатты және нәтижелі түрде жүргізуіне мүмкіндік беретін білім, қабілет және дағды болып табылады.

Балалардың даму мөлшеріне қарай тәрбиелеу мазмұны олардың тәжірибесімен, өмір және тәрбие жағдайларымен толығып отырады.

Қорыта айтқанда, тәрбие мазмұны жеке тұлғаның қоғам мәдениетімен үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін ең жағымды қасиеттерінен тұратын базалық мәдениет.

Тәрбиеқоғамдық құбылыс әрі тәрбиелік үрдіс

№4 слайд

Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өте күрделі әрі қарама-қайшылықты тарихи-әлеуметтік үрдіс. Ол жас ұрпақтың қоғам өміріне, тұрмыс-тіршілігіне, өндірістік қызметке араласуын, шығармашылық пен рухани-материалдық, мәдени игіліктерді игеруіне, адамдық болмыстың негізін меңгеріп, жеке тұлға ретінде дамып, азамат ретінде қалыптасып, жетілуіне негіз болады.

Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде адамзат пен қоғамның, жеке адамның, индивидтің өмір сүруін қамтамасыз ету құралы ретінде қажет. Оның негізгі жүзеге асу шарты жеке тұлғаның қасиеттері мен сапаларының өмір талабына сай келуі болып табылады. Әрі тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өзге қоғамдық құбылыстармен ұштасып, ажырамас бірлікте жүреді.

Тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтары мен негізгі қағидалары

Жалпы заңдылықтардың тәрбие үрдісіне ықпал ету өрісі барлық жүйеге қатысты таралады. Заңдылықтар тәрбие жүйесінің неғұрлым үлкен, маңыздыларының өзара байланысын көрсетеді. Жүйенің бөлек компоненттері арасындағы байланыстарды айқындайтын заңдылықтар нақты, жеке болып есептеледі. Тәрбие жалпы педагогикалық үрдістің бөлшегі ретінде оның барлық заңдылықтарына бағынады.

Тәрбие заңдылықтары тәрбиенің қоғамдық қажеттілік пен әлеуметтік жағдайға тәуелділігінен туындап, жеткіншектерді оқыту, тәрбиелеу, білім беру үрдістерінің өзара байланыстылығына, тұтастығына негізделеді.

Жеткіншектердің дамуында іс-әрекет пен қарым-қатынастың маңызды рөл атқаратындығы, тәрбие үрдісін ұйымдастыруда балалардың жас және дара, жыныстық ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді. Осыларды негіздей келе тәрбие үрдісінің төмендегідей заңдылықтарын бөліп қарастыруға болады.

№5 слайд

  • тәрбиенің халықтық, әлеуметтік, жалпылық сипаты;
  • оқыту, тәрбиелеу және дамытудың біртұтастығы, бірлігі, өзара байланыстылығы;
  • тәрбие үрдісінде бала дамуының іс-әрекеттер мен қарым-қатынасқа тәуелділігі;
  • тәрбиенің балалардың жас және жеке басының ерекшелігіне тәуелділігі;
  • ұжым мен жеке тұлғаның тәрбие үрдісіндегі өзара байланыстылығы;
  • біртұтас тәрбие үрдісіндегі тәрбие мақсаты, міндеті, мазмұны, әдіс-тәсілдері, түрлерінің өзара бірлігі, байланыстылығы.

Белгілі педагог ғалым И.П. Подласый «тәрбие үрдісінің нәтижелілігі оның терең заңдылықтарының бірлігі мен бірізділігінде» деген тұжырымға келеді.

Тәрбие қағидасы (принципі)

«Принцип» латын сөзі. «Бастапқы», «алғашқы нұсқау» деген мағынаны береді.

№6 слайд

Тәрбие қағидасы дегеніміз — тәлім-тәрбие үрдісінің жалпы бағытын айқындайтын, бастапқы негізін белгілейтін нұсқаулар жиынтығы, яғни тәрбиелік іс-әрекет, қызмет, қарым-қатынасты не ықпалды ұйымдастыруда, жағдаят туғызуда басшылыққа алынатын әрі оның мазмұнын айқындайтын идеялардың жиынтығы. Қағида, әдетте берілген іс-әрекет түрінде адамның басшылыққа алатын ережелерін бейнелейді. Тәрбие қағидасы тәрбиенің жалпы заңдылықтарын көрсететін ережелер жиынтығы. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің тұрақты ынтымақтастығын, тәрбие үрдісінің жүйелілігі мен қалыптылығын, ретін қарастырады. Біртұтас тәрбие үрдісінде тәрбие қағидалары өзара байланысты әрі бір-біріне тәуелді болады.

№7 слайд

1) тәрбиенің мақсаттылығы;

2) мектеп, отбасы, жұртшылықтың педагогикалық талаптарының бірлігі;

3) тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы, еңбек арқылы тәрбиелеу;

4) тәрбие мен қоғамдық үрдістердің өзара байланыстылығы;

5) мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, өзара келісім, бірлік;

6) оқушының жас және дара ерекшелігін ескеру;

7) тәрбиенің үздіксіздігі;

8) ұжым арқылы тәрбиелеу;

9) тәрбиенің біртұтастығы, сабақтастығы, педагогикалық ықпалдың жүйелігі;

10) оқушының жеке басын сыйлау, құрметтеу мен талап қоюдың, қамқорлықтың өзара байланысы.

Тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмұны тәрбиенің жалпы заңдылықтары мен басты қағидаларына негізделеді.

Тәрбие үрдісінің құрамдас бөлімдері

Тәрбиенің басты салаларына, мазмұнына, атқаратын қызметіне сәйкес оның құрамдас бөлімдерін ажыратамыз. Яғни мазмұнына қарай тәрбиенің құрамдас бөлімдерін былайша жіктеуге болады:

№ 8 слайд

  • ақыл-ой;
  • адамгершілік;
  • саяси-мәдени;
  • еңбек;
  • әскери;
  • дене;
  • құқықтық;
  • экономикалық;
  • интернационалдық;
  • патриоттық;
  • эстетикалық;
  • экологиялық;
  • діни.

Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру, ең алдымен, оның құрамдас бөліктерінің барлығын байланыстыра отырып, шешуді талап етеді. Тәрбиенің жан-жақтылығы мен жарасымдылығы жеке тұлғаның барлық жағынан толық, үйлесімді дамуымен сипатталады. Тәрбиенің құрамдас бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты, оның бірлігі ең алдымен жеке тұлғаны тәрбиелеудің тұтастығы, жүйелілігі мен мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

№ 9 слайд

Тәрбие үрдісінің әдіснамалық негізі



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Тәрбие деген ұғымды сіз қалай түсінесіз?
  2. Тәрбие үрдісінің мақсаты неге байланысты анықталады?
  3. Тәрбиенің заңдылықтары мен қағидаларына сипаттама беріңіз.
  4. Тәрбиенің негізгі құрамды бөліктерін атаңыз.
  5. Тәрбие үрдісінің мазмұны дегеніміз не?
  6. Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты қандай?

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

  1. Тәрбие үрдісінің мәні мен мазмұны.
  2. Тәрбие үрдісінде жеке тұлғаны рухани дамыту мен әлеуметтендіру.
  3. Өзін - өзі тәрбиелеу үрдісі.

Әдебиеттер

  1. С. Қ. Мұхамбетова., С. Қ. Қожаева. Тәрбие теориясы. Астана, 2005 ж.
  2. Е. Сағындықұлы. Педагогика (дәрістер курсы).
  3. Ахметова Г. К. Педагогика.
  4. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998 ж.
  5. Бабаев С. Б. Жалпы педагогика. Алматы, 2006 ж.
  6. Бордовская Н. В., Реан А. А. Педагогика. М., 2007.
  7. Голованова Н. Ф. Общая педагогика. Санкт-Петербург, 2005.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырутәрбиенің өзекті мәселесі

аға оқытушы Е. С. Әбілдаев

№1 слайд

Жоспары:

  1. Дүниетаным туралы түсінік, мәні, бөліктері.
  2. Философияның түрлi бағыттарының тұлғаның қалыптасып келе жатқан дүниетанымын бағалаудағы маңызы. Жеке тұлғаның құндылық бағдары.
  3. Дүниетанымның психологиялық негiздерiн қалыптастыру.
  4. Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк жағдаяттарға сәйкес оқушының философиялық-дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы.

Дәрістің мақсаты: оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Дәрістің міндеттері:

· дүниетаным туралы түсінік;

· философияның түрлi бағыттарының маңызы;

· дүниетанымның психологиялық негiздерiн қалыптастыру;

· оқушының философиялық-дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы.

Негізгі ұғымдар:дүниетаным, дүниеге көзқарас, әлеуметтік орта, әлеуметтену, жеке тұлғаны дербестендіру.

Көрнекіліктер:№1 №4 слайдтар.

Оқыту технологиясы: проблемалық оқыту, оқу-танымдық әрекетті белсендіру.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптасуы күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық және тәжірибелік тұрғыданкөкейкесті мәселеге айналуда.

Қазіргі нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.

№2 слайд

Дүниетаным дегеніміз — дүниеге деген нақты тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы.

Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білім-дерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.

Ғылыми дүниетаным қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғар-ғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, әртүрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.

Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгеру нәтижесінде де қалыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижесінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақтылай түседі, өзгертеді.

Жеке адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ та күрделі зияткерлік қызмет-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның “Мен” деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайды. Сенім көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың ұжымдық дербес тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлдебір «білетін» немесе «түсінетін» емес, ол жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Білім адам үшін қажетті, яғни субъективті, жекелік мағынаға ие болуы керек. Сенімге айналған білім мен идеялар дүние мен адамды өзгертіп, материалдық күшке айналады.

Жеке тұлғаның дүниетанымы көбінесе оның тікелей өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Оның мазмұны елеулі түрде адам өмірінің жағдайларына байланысты өзгереді. Әлеуметтік орта адамды әлеу-меттік өміріндегі қоршаған қоғамдық қатынастардың дамуының белгілі бір сатысындағы нақты көрінісі. Әлеуметтік орта қоғамдық-экономикалық формация түрінде, қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі бір топтардың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмысына және кәсібіне тәуелді.

Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.

Философияның өзі де дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адамның осы дүниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы. Философия сияқты дүниетанымның басқа да формалары бар: мифо-логиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның дүниетанымның басқа формаларынан айырмашылығы оның қо-ғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Ал оның ішінде, натуралистік формадан өзгешелігі, ерекше категориялық аппараты бар, ал ол өз дамуы барысында барлық ғылымдарға, адамзат дамуының бірыңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді. Философияның мәні — «дүние-адам» мәселелері туралы ойлар.

Арман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат негізгі адамгершілікке байланысты белгіленеді, ал оған шартсыз мағынасындағы, шексіз қабілеттілігіндегі жеке тұлға ұғымы жатады. Қоғамда жеке тұлғаның өмірлік міндеттері қайталанып қана қоймайды, оның арман-мұратқа ұмтылысындағы күш-жігері де толығады. Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өмірі дербес өзін-өзі танытуға талпыну, шартсыздық пен жоғары даралыққа ұмтылу сияқты тербелісте болады. «Жеке тұлғаның шартсыздық принципі қажет болған сайын бүкіл адамзаттық, ғаламдық ынтымақтастық арман-мұратына әкеледі... Қоғамдық арман-мұратқа еркін универ-сализм принципі деп анықтама беруге болады» (П.И. Новгородцев).

Дара тұлғаның дүниетанымы жалпы білімдер дегенді және оларды құбылыстарды тану мен бағалау үшін және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктері дегенді білдіреді. Ол білімдердің ақиқаттылығына және оларды қызмет-әрекеттің құралы ретінде пайдаланудың нәтижелілігіне деген сенімдерден тұрады.

Тұлғаның дүниетанымы, сондай-ақ дүниетанымдық білімдер мен сенімдер, дүниетанымдық көзқарастың кеңеюі мен тереңдеуі қажеттігінен тұрады. Қажеттілік дүниетаным сапасы ретінде: жеке тұлғаның дүниетанымы тек заттық-мазмұндық категория емес, ол сондай-ақ психологиялық категория, соның ішінде эмоциялық жігерлік категория. Білім мен білікке негізделген қажеттілік пен сенімділік дүниетаным табиғатына сай, яғни тиісті, жетілген, сонымен қатар шынайы мүмкін және қолжетерлік туралы түсінік болатын жалпы әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық арман-мұраттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

№3 слайд

Арман, сенім, мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір элементінің негізін салады, ол — қызмет-әрекеттің бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементі — дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұраттарға сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоциялық жігерлі әзірлік.

Құндылық бағыттары адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-әрекеттері мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттар жеке тұлғаның тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.

Психологтар «құндылық» ұғымымен қоғамға қатысты әлеуметтік-тарихи мағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнісін сипаттайды. Олар құндылық деп, біріншіден, өнегелілік, жеке тұлғаның (адамдар тобының, ұжымның) және оның іс-әрекетінің нәтижесін; ал екіншіден, “құндылық” санаға қатысты адамгершілік пен арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктерді айтады.

Адамның құндылық бағыттары мінез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды. Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттілігін қанағаттандыруға, оны “заттандыруға”, яғни қажетті объектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады.




Ответить

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы можете использовать HTML- теги и атрибуты:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>

1 + 9 =