Дәріс.Тақырыбы: Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік құбылыстарды, процестерді жете түсіну, жан-жақты түсіну нақты фактілерді жинаумен, талдаумен байланысты. Бұл әлеуметтанулық зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді әдістердің көмегімен жүзеге асады. Нақты әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты әлеуметтік процестерді, олардың даму заңдылықтарын, нақты көрініс беруін тереңірек зерттеу болып табылады. Эмпирикалық әлеуметтану ппроцестер мен құбылыстардың мәнін теориялық тұрғыдан тануды, зерттеуді толықтыра түседі. Бұл қоғамдағы әлеуметтік шындықты түсінуге мүмкіндік береді. Сол себепті эмпирикалық талдау теориялық білімнің бастау көзі және негізі болып табылады. Бүгінгі күннің назар аударарлық әлеуметтік құбылыстар тұрғысында жаңа білім алуға бағытталған қызмет түрін әлеуметтану ғылымының зерттеуідеп атайды. Әлеуметтік құбылысқа өндірістегі жағдай, қайсыбір мәселелер жөніндегі қоғамдық пікір жатады.Мұндай құбылыстарды зерттеу нәтижесінде олардың пайда болу себептері жөнінде жаңа ақпарат алынады. Ғылыми ізденіске кіріспестен бұрын нені зерттейміз, кімдерден ақпараталамыз, зерттеуді қай жерде өткіземіз және т.б. осындай сауалдарға жауап әзірлеуіміз керек. Осыған орай зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде оның бағдарламасы мен әдістері дайындалады. Ғылыми ізденістің бүкіл процесін ұйымдастыру алдын-ала мұқият ойластырылады, сұрыптау (кімдер зерттеледі?) белгіленеді. Екінші кезеңінде адамдардың сол мәселе жөніндегі пікірлерін анықтайтын ақпарат жинақталады. Үшінші кезеңде алынған ақпарат қолмен немесе машинамен өңдеуден өткізіледі. Төртінші кезеңде алынған ақпаратқа ғылыми талдау жасалады. Бесінші кезеңде алынған ақпарат қорытындыланып, соның нәтижесіне орай шешім қабылданады. Зерттеу жұмысының барлық кезеңдері зерттелетін процестер мен құбылыстар жөнінде ақиқатты анықтайтын мәліметтер алу мақсатына бағындырылғандықтан олар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Зерттеу жұмысын бастау үшін оның бірінші кезеңінде дайындық жұмыстары қолға алынады, әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын әзірлеу жұмыстары басталады. Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама әдіснамалық, әдістемелік, зерттеуді ұйымдастырутарауларынан тұрады. Әдіснамалық тарауда проблема және оның тұжырымы, зерттеу мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні айқындалады, зерттеуде қолданылатын негізгі ұғымдары анықталады, көземел (гипотеза) құрылады;- әдістемелік таруында зерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өңдеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс;- зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бӛлінісі, зерттеудің мерзімі, реті, т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның осы үш тарауында қамтылған мәселелер анықтайтын болады. Бағдараламын әзірлеу зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Шешім дайындау мақсатында жедел талдауды талап ететін жағдайды әлеуметтік проблема деп атайды. Әлеуметтануда әлеуметтік проблемалар бес белгісіне қарай топтастырылады: 1) зерттеудің мақсатына орай; 2) проблеманы алға қарай алып жүрушілерге сәйкес; 3) проблеманың таралу көлеміне қарай; 4) қарама-қайшылықтың әрекет ету уақытына қарай; 5) оның тереңдік деңгейіне байланысты. Әлеуметтанулық зерттеу ғылыми ізденістің күрделілігіне қарай: барлаушылық, суреттемелік, талдаушылық болып бөлінеді. Бұлардың ішіндегі ең күрделісі – талдаушылық. Ол терең ойластырылған бағдарламаны және сыналған құралдарды талап етеді. Бұл зерттеудің кезінде зерттелетін құбылыс суреттелумен қатар, оны тудырған басты себептер де анықталуы керек. Суреттемелік зерттеу ізденістің төе қарапйым түрі. Мұның басты мақсаты – зерттелетін құбылыс пен оның құрылымдық элементтері жөнінде мағлұмат алу. Зерттеудің кеңінен тараған түріне барлаушылық жатады. Ол күрделі бағдарлама дайындауды талап етеді, алайда шамалы көлемдегі зерттеу құралдарын қолданып, шағын топтарда анкеттеу жүргізу мүмкіндігін сақтайды. Зерттеудің бұл түрі жедел ақпарат алуға бағытталған. Оның артықшылығы да осында.Әлеуметтанулық сауалнама - әлеуметтанулық ақпарат алудың негізгі әдісі.Әлеуметтанушыға бақылау жүргізу арқылы алуға болмайтын немесе құжаттарда жазылмаған құбылыстар мен процестер туралы ақпараттар өте жиі қажет болады. Мұндай ақпаратты сауалнама әдісін қолдану арқылы алуға болады. Бұл әдіс ғылымда ең кең тараған және барынша жиі қолданылатын әдістеме болып саналады. Оның мұндай дәрежеге көтерілуі әмбебаптығымен түсіндіріледі. Бақылау барысында зерттеуші объектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемдегі ақпарат ала алады, сонымен қатар, олардың өткен уақыттағы тыныс-тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде де ақпарат алады. Сауалнама әсіресе, индивидтердің субъективті жай-күйі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ерекше құнды әдіс болып есептеледі. Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды. Сұраулардың көмегімен ақпарат алынады. Ғылымда сауалнаманы жүргізуші адамдарды – анкетерлер, сұрақтарға жауап қайтарушыларды –респонденттер деп атайды. Алынған ақпараттың сипатына және оны алу тәсіліне қарай сауалнама бірнеше түрге бөлінеді. Сауалнама әдісінің екі түрі бар: анкеталық және сұхбатнамалық.Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын-ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респонденттің аты-жөні көрсетілмей жүргізіледі. Әдетте анкета үш блөімнен тұрады: үндеулік, негізгі, төлқұжаттық. Үндеулік бөлімде зерттеудің мақсаты туралы қысқаша айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі, анкетаны толтыру ережелері көрсетіледі, қайтарылған жауаптардың құпиялылығы сақталатындығы туралы ескертіледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналастырылады. Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті және қызықты болуы тиіс. Бұл респонденттердің қызығушылығын арттырады. Төлқұжаттық бөлімде респонденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы және т.б.) жөніндегі сұрақтар қойылады. Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұыжырымдылығына баса назар аударылады. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап алады, содан соң логикалық жүйеде сұрақтар құрастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.Анкетаның сұрақтары негізгі үш топқа бөлінеді: 1.ашық түрдегі сұрақтар, мұның жауаптары анкетада көрсетілмейді, оны респонденттер өз қолдарымен жазып қайтарады;2. жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып көрсетіледі. Жауап беруші жауаптың астын сызып немесе дөңгелектеп және т.б. етіп белгілейді. 3. аралас сұрақтар, бұл бірінші және екінші топтағы сауалдардың элементтерінен құралып, белгілі бір мөлшерде жауаптары жазылады.

Загрузка...

Ответить

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы можете использовать HTML- теги и атрибуты:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>

18 − = 8